• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1161 

362 рет
көрсетілді

2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы­ның 39-бабы 3-тармагының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, № 696-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1161 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі Р/с № Атауы 1 2 Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарлар 1. Дауыс беру кабиналарын дайындауға арналған мата 2. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындауға арналған қағаз Мәжіліс залдары үшін жиһаз сатып алу 4. Сайлау құжаттарын сақтауға арналған металл сейф 5. Компакт-дискілер 6. Кеңсе тауарлары 7. Сайлау учаскелері мен дауыс беру пункттерін жарақтандыруға арналған ұйымдастыру техникасы: компьютерлер, принтерлер, көшіру аппараттары, факстар, телефон аппараттары, дыбыс-бейнеаппаратурасы 8. Принтерге, көшіру және факсимиле аппаратына арналған шығыс материалдары 9. А4, АЗ форматты қағаз 10. Шет мемлекеттердің үстел үстіне қойылатын жалаушалары 11. Секьюрити пакеттері (сайлау құжаттары үшін арнайы қорғау белгісі бар конверттер) 12. Кәдесыйлар 13. Портфельдер, папкалар 14. Халықаралық байқаушылар үшін Қазақстан жолдарының карта-схемалары 15. Жанар-жағармай материалдары 16. Бейдждерге арналған баулар Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті жұмыстар 17. Үгіттеу бейне, дыбысроликтерін, фильмдерді, ақпараттық баннерлерді, билбордтарды, стендтерді дайындау 18. Дауыс беруге арналған кабиналарды дайындау 19. Сайлау учаскелері мен дауыс беруге арналған пункттерде орналастыру үшін мемлекеттік рәміздерді дайындау 20. Президенттің, мәслихат депутатының омырау белгісін және оған қоса берілетін құжаттарды дайындау 21. Дауыс беруге арналған тұрақты және тасымалданатын жәшіктерді дайындау 22. Жәшіктерге арналған жиынтықтауыштарды дайындау: мөрлеуге немесе пломбалауға арналған фиксаторлар; желімделетін стикер (Қазақстан Республикасының елтаңбасы), металл бұрыштар 23. Сайлау жәшіктерін (пломбаларды) мөрлеуге немесе пломбалауға арналған құрылғыларды дайындау 24. Сайлау комиссиялары үшін мөрлер мен мөртабандарды дайындау 25. Медальондарды дайындау 26. Компакт-дискілерде ақпараттың көшірмелерін дайындау (тираждау) 27. Полиграфия және баспа өнімдерін дайындау: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттардың үгіт материалдары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері; Президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдаушы сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; президенттікке, Парламент, мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, халықаралық байқаушылардың, президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының куәліктері; брондоралар; жаднамалар; кітаптар; күнтізбелер; күнделіктер; планингтер; пакеттер; бейдждер; блокноттар; сайлаушыларды сайлауға шақыру қағаздары Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті көрсетілетін қызметтер 28. Үй-жайларды жалдау қызметтері 29. Автокөлік қызметтері 30. Сайлау комиссиялары үшін жабдықтарды жалдау қызметтері 31. Байланыс қызметтері: интернет, кабельді телевизия, телефон, пошта 32. Өзіне-өзі қызмет көрсету және төлемдер терминалдары арқылы ақпараттық қолдау қызметтері 33. Ұялы байланыс операторларының ақпараттық хабарлар жіберу қызметтері 34. Жабдықтар мен техникалық жүйелерге профилактикалық және сервистік қызмет көрсету қызметтері 35. Саяси пікірталастар ұйымдастыру және өткізу қызметтері 36. Ақпараттық-үгіттеу бейне, дыбыс және баспа материалдарын бұқаралық ақпарат көздерінде орналастыру қызметтері 37. Сыртқы көрнекі жарнама қызметтері: ақпараттық баннерлер, билбордтар, стендтер 38. Ақпараттық бейне материалды электрондық көрнекі жарнама объектілерінде көрсету қызметтері 39. Кофе-брейк өткізу қызметтері 40. Аудармашылардың қызметтері 41. Сайлау материалдарының дизайнын әзірлеу қызметтері